
2021 жылғы 24 қарашада Конституциялық Кеңес Аппараты Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М.Спан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арналған «Құқықтық ғылымды дамыту және ұлттық заңнаманы жетілдірудің жаңа көкжиектері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына онлайн режимде қатысты.
Іс-шараны «Астана» Халықаралық университеті, Пятигорск мемлекеттік университеті және «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің құқықтық зерттеулер институты ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.