2021 жылғы 24 қарашада Конституциялық Кеңестің мүшесі И.Д. Меркель мен Конституциялық Кеңесі төрағасының кеңесшісі Б. Раисова онлайн режимде «Сот жүйесіндегі сот кеңестерінің рөлі мен орны және олардың заманауи модельдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Іс-шараны Жоғары Сот Кеңесі Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырды.
Форум аясында сот кеңестерінің заманауи үлгілері, олардың функциялары мен міндеттері, сот кадрларын іріктеуде қолданатын тетіктері мен құралдары, олардың судьяларды тәрбиелеу мен оқытудағы рөлі талқыланды.
Аталған іс-шараға Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.