ТҮРІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ

ТҮРІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ

2021 жылдың 20 қарашасында Қазақстанға ресми сапары аясында Түркия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арслан бастаған делегация түркі әлемінің бесігі, рухани және тарихи орталығы – Түркістан қаласына барды.

Қонақтар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болып, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді. Түркия Конституциялық Сотының Төрағасы Арслан мырза конституциялық-құқықтық дамудың өзекті мәселелері бойынша дәріс оқыды.

Университет ректоры Ж. Темірбекова түрік заңгерлерін ұйымның ғылыми-білім беру әлеуетімен таныстырып, тыңдаушыларға оқыту бағдарламалары туралы айтып берді.

Кездесу соңында мәртебелі қонақтар "Төрағалар аллеясына" ағаш отырғызды.

Түрік делегациясы жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.