
2021 жылғы 18 қарашада Конституциялық Кеңес аппаратының бас консультанты Н.Марипова Орталық сайлау комиссияcы мен ЕҚЫҰ-ның Нұр- Сұлтандағы бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырған "Сайлауды байқаудың халықаралық стандарттары" тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Семинардың мақсаты-әртүрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында Шет мемлекеттерге сайлауды халықаралық байқаушылар ретінде шығатын мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқыту. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.