
2021 жылғы 17-19 қарашада Еуразиялық экономикалық одақ сотының «Еуразиялық экономикалық одақ құқығының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету: Соттың рөлі» тақырыбындағы IV Халықаралық конференциясы өтті.
Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А.Малиновский Конституциялық Кеңес Төрағасының құттықтау сөзін оқыды. Онда Қ. Мәми мемлекетаралық экономикалық ұйымдар халықаралық құқық субъектілері ынтымақтастығының маңызды нысаны болып табылатынын атап өтті. Бүгінде біздің елдеріміз халықаралық және өңірлік бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ, шеңберіндегі интеграцияны кеңейту жағдайында жұмыс істейді. Бұл істерде Конституцияның үстемдігін сөзсіз сақтауды, отандық және интеграциялық құқықтық реттеуді барынша синхрондауды қамтамасыз етудің маңызы зор. Құқық үстемдігін және Еуразиялық экономикалық одақтың құқық нормаларын біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО Соты мен ұлттық конституциялық бақылау органдары мен сот сатылары арасында тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет. Бұл өзара іс-қимыл әлеуетті тәуекелдерді азайтуға, белгісіздікті жоюға және құқық нормаларын қолдануда бірізділікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен сот органдарының, Еуразиялық экономикалық комиссияның, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің билік органдары мен сот органдарының, конституциялық және жоғарғы соттардың, басқа да мемлекеттік органдар мен ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.