АДАМИ ӨЛШЕМ БОЙЫНША СЕМИНАР

АДАМИ ӨЛШЕМ БОЙЫНША СЕМИНАР

2021 жылғы 16-17 қарашада Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің Конституциялық іс жүргізу және сараптама секторының бас консультанты Н. Кресс онлайн режимде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық- зомбылықты болдырмауға және оған қарсы күреске арналған Адами өлшем мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.

Семинарды ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасы ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен серіктестікте ұйымдастырды.

Отырыста әйелдерге, атап айтқанда, көшіп-қонушыларға, босқындарға және басқа да адамдарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері қаралды.

Аталған іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, әртүрлі елдерден келген заңгер-ғалымдар мен практиктер, конституциялық және жалпы соттардың судьялары, зерттеушілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.