
2021 жылғы 10-11 қарашада онлайн режимде Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков «Конституциялық құқықтар және АКСҚ мүшелері» тақырыбында өткен Азиялық Конституциялық соттар және оған теңестірілген институттар қауымдастығының (АКСҚ) 3-ші Халықаралық симпозиумына қатысты.
Іс-шараны Кореяның Конституциялық Сотында орналасқан AКСҚ зерттеу және даму хатшылығы ұйымдастырды.
Конференция жұмысы ортақ құндылықтар және ұйым мүшелерінің конституциялық құқықтарының әртүрлі аспектілері, конституциялық сот төрелігі және адам құқықтарының әмбебаптығы, сондай-ақ жаңа сын- қатерлер жағдайындағы конституциялық құқықтар мәселелеріне арналған үш сессияда өтті.
Конференция аясында Ә. Темірбеков «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдерінде денсаулықты адамның әмбебап құқығы ретінде қорғау» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шараға Әзербайжан, Индонезия, Иордания, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Ресей, Сингапур, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Филиппин конституциялық әділет органдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.