КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

2021 жылғы 11 қарашада гибридті режимде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми- консультативтік кеңестің отырысы өтті.

Отырысты ашқан Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Ғылыми-консультативтік кеңестің кезекті отырысы маңызды мәселелерге арналғанын атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында біз осы заманғы қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастыру мен дамытудағы Негізгі Заңның рөлін тағы да талдағымыз келеді, деді спикер.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының тәуелсіз қазақстандық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі қорытындыланды, сондай-ақ мемлекеттік орган ұғымы мен мәртебесінің конституциялық-құқықтық негіздері мәселелері қаралды.

Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, заң ғылымдарының докторлары Е. Әбдірәсілов, С. Ударцев және Ш. Тлепина бірінші мәселе бойынша таныстырылымдар дайындады.

Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстанның конституциялық құқық ескерткіштерінің бірі - өткен ғасырдың басында әзірленген Б. Сыртановтың қазақтардың Конституциясы жобасы жан- жақты зерделенді.

Екінші мәселе бойынша Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ директоры Р.Подопригора, Орталық Азия бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) өңірлік бағдарламасының жетекшісі Йорг Пуделька және Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы ректорының кеңесшісі профессор Э. Дүйсенов баяндама жасады.

Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамына қосымша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Е. Оңғарбаев; Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры М. Башимов; әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Д. Баймаханова қосылды.

Отырысқа Конституциялық Кеңестің мүшелері, Ғылыми- консультативтік кеңестің мүшелері, Парламент Палаталарының, Ұлттық Банктің, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Әділет, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің, Парламентаризм Институтының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.