ҚҰҚЫҚ ДИАЛОГТАРЫ

ҚҰҚЫҚ ДИАЛОГТАРЫ

2021 жылғы 8 қарашада «Құқық диалогтары» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының құқықтық дамуына аса зор үлес қосқан Қазақстанның конституциялық құқық классиктеріне, ғалым-заңгерлеріне арналған халықаралық вебинар өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Нұрсұлтан Назарбаев қорымен және Сорбонна-Қазақстан институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы қатысушыларға құттықтау сөзінде құқықтану классиктерін еске ала отырып, біз олардың естеліктерін құрметтеп қана қоймай, құнды ақпаратты жас ұрпаққа жеткізу парыз екенін атап өтті. Осылайша зияткерлік сабақтастық қамтамасыз етіледі.

Қ.Мәми еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Ғ.Сапарғалиевтің, С.Сартаевтың, В.Кимнің және басқа да заңгер- ғалымдардың бай мұрасын атап өтті.

Іс-шараның модераторы Республика Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы И. Рогов болды.

Вебинардың жұмысына Конституциялық Кеңестің мүшелері мен Аппарат қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қазақстандық және шетелдік ғалым-заңгерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары, сондай-ақ «Акселератор добра: Ізгілік елі» еріктілері және «Almaty- Adaldyq alany» жобалық кеңсесі қатысты.