
2021 жылғы 5 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Мәңгілік Ел" сағаты бар стелласының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін арнай отырып, осы маңызды оқиғаның тарихи кезең-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Ол осы жылдар ішінде жаңа және дамушы Қазақстан құрылғанын, қазақстандық мемлекеттіліктің, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесінің қалыптасуы тұрақты жүріп жатқанын, жүйелі проблемалардың шешімдерінің табылғанын атап көрсетті. Республика Тәуелсіздігінің мерейтойына орай заң факультетінің түлектері осы бірегей ғимараттың құрылысын салуға бастамашылық жасады.
Бүгін біз түлектердің ғылыми-білім беру жобаларына қатысуы, кафедраларға көмек көрсету, талантты жастарды стипендиямен көтермелеу, біздің педагогтар мен ғылыми жетекшілерге атаулы аудиториялар ашу алма-матердегі күнделікті тәжірибеге айналғанын мақтанышпен айтамыз, деп қорытындылады сөзін Қ. Мәми.
Университет ректоры Ж. Түймебаевқа Түлектер қауымдастығының атынан Стелла куәлігі табысталды.