Конституциялық Кеңес Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2) тармақшасының нормасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын іс жүргізуге қабылдады.
Соттың ұсынысында қылмыстық сот ісін жүргізуді алқабилердің қатысуымен жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтерілген.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған ұсыныс мәні бойынша қаралатын болады.