
2021 жылғы 29 қазанда «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі және тәуелсіздігінің кепілдіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырды.
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын талқылауға Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы Б.Нұрмұханов қатысты. Ол «Омбудсменнің конституциялық бақылау органдарымен өзара әрекеттесуі» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, ғалым-сарапшылар қатысты.