КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ ЕУРОПА КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ ЕУРОПА КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2021 жылғы 28 қазанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Ә. Мәми Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы өңірлік ынтымақтастық департаментінің басшысы Сергей Кузнецовпен және Адам құқықтары, сот төрелігі және құқықтық ынтымақтастық саласындағы стандарттарды енгізу департаментінің басшысы, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьясы Михаил Лобовпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің құрылымдары, атап айтқанда, Венециялық комиссиямен қалыптасқан сындарлы ынтымақтастықты атап өтті.

Қ.Мәми Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған бірлескен бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимыл серпінін арттыруға назар аударды, сондай-ақ, ұлттық заңнаманы жаңғырту кезінде Комиссияның сараптамалық қорытындыларының рөлін атап өтті.

Өз кезегінде С. Кузнецов Венеция комиссиясы Конституциялық Кеңестің прогрессивті бастамаларын қолдайтынын айтты.

Түйіндей келе, тараптар Қазақстан Республикасында құқық үстемдігін бекіту мақсатында бірлескен күш-жігер мен одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.