
2021 жылғы 27-28 қазанда Конституциялық Кеңес мүшесі И.Д. Меркель, Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары - Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак және Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы Б.М. Нұрмұханов «Қазақстандағы сот жүйесінің реформалары: үздік халықаралық практикаларды пайдалана отырып, жаңа сын- тегеуріндерді шешу» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Венеция комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара барысында өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу болды.
Іс-шараға Венеция комиссиясының мүшелері, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, Орталық Азия елдерінің Жоғарғы Соттарының, Еуропа Кеңесінің өкілдері, Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациялары, Орталық Азияның сот академиялары, Қазақстандағы сот реформасы процесіне тартылған басқа да мекемелер қатысты.