
2021 жылғы 22-23 қазанда онлайн режимде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі У. Шапак Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулерді енгізу және құқық салаларын дамыту мәселелеріне арналған «Ресей Федерациясының салалық заңнамасын конституцияландыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Бұл іс-шараны Тюмень облыстық думасы, Тюмень мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық институты, Халықаралық заңгерлер одағы, Тюмень облысының Қоғамдық палатасы, Ресей заңгерлер қауымдастығының Тюмень аймақтық филиалы ұйымдастырған.
Конференцияға ресейлік және шетелдік ғалымдар, жетекші заң университеттері мен ғылыми мекемелердің оқытушылары мен аспиранттары, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.