CАЙЛАУ СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ЖЕЛІНІҢ ТӨРТІНШІ ПЛЕНАРЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫ

CАЙЛАУ СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ЖЕЛІНІҢ ТӨРТІНШІ ПЛЕНАРЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫ

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы Ю. Верченко онлайн режимде «Демократия және сыбайлас жемқорлық» атты тақырыптағы сайлау сот төрелігі жөніндегі жаһандық желінің төртінші пленарлық Ассамблеясына қатысты.

Іс-шараны Доминикан Республикасының Жоғары сайлау трибуналы Мексиканың сот билігі сайлау трибуналының көмегімен ұйымдастырды.

Форум аясында қатысушылар сайлау сот төрелігі тұрғысынан демократия мен сыбайлас жемқорлық мәселелерін, сондай-ақ пандемия жағдайында сот жүйесінің тәуелсіздігі мен сайлау процестерін талқылады.