
2021 жылғы 22 қазанда Конституциялық Кеңес Аппараты Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Н. Кресс Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» отырысына онлайн режимде қатысты.
Отырыста азаматтық қоғаммен гендерлік теңдік саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, әйелдердің және қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту; 2013-2021 жылдар кезеңіндегі КӘЖ ұсынымдарын талдау; 2021 жылдың соңына дейін адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру бойынша ККО жұмысының аралық қорытындылары жөніндегі мәселелер, сондай-ақ басқа да мәселелер қаралды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың, жастардың ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.