
2021 жылғы 21 қазанда онлайн режимде Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М.Спан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.
Отырыста «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы қаралды.
Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты