
2021 жылғы 15 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің аппаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.
Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Н.Кресс Мемлекет басшысы жария еткен басым міндеттері туралы презентация жасады.
Талқылауға Аппараттың барлық қызметкерлері қатысты.