
2021 жылғы 3 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің мүшелері Ә.Темірбеков және У. Шапак заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын іске асыру аясында қылмыстық құқықты дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Форумды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.
Ә.Темірбеков Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәмидің құттықтау хатын оқып берді. Онда Қайрат Әбдіразақұлы мерейтой иесінің жоғары заң білімі мен құқық ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік құқықтанушы ғалымдар, сондай - ақ университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары қатысты.