Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәми заң ғылымдарының докторы, профессор, Конституциялық Соттың экс- судьясы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Федорович Ударцевті 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының құттықтау хатында, біздің елімізде және одан тыс жерлерде С.Ф. Ударцев конституциялық заңнама мен заң ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті заңгер-ғалым ретінде танымал екенін атап өтті.
Сіздің бүкіл өміріңіз құқықтық саясаттың негізгі мәселелерін іргелі зерттеумен байланысты, олардың нәтижелері үлкен теориялық және практикалық қызығушылық тудырады.
Республиканың Конституциялық Сотының судьясы бола жүріп, мерейтой иесі конституциялық бақылаудың отандық практикасын қалыптастыруға қатысты, ал Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес құрамында құқықтық өмірдің көптеген өзекті мәселелеріне барабар жауаптар іздеуге ықпал етесіз.
Қ. Мәми Сергей Федоровичке зор денсаулық, бақыт, амандық және табыс тіледі.