
2021 жылғы 27 тамызда онлайн режимде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет кепілі: оның дамуы мен өткен жолымызды талдау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Форумды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ұйымдастырды.
Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак «Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры» тақырыбында баяндама жасады.
Аталған іс-шараға мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері, Қазақстан мен ТМД елдерінің ғалымдары қатысты.