
2021 жылғы 26 тамызда онлайн форматта Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан: Толық жасампаздық жылдары. Басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
У. Шапак өзінің құттықтау сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысының негізі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы болып табылатынын және тәуелсіз елдің осы саяси-құқықтық құжаты халқымыздың қуатты және пәрменді мемлекет құру туралы арманын іске асырудың бастапқы нүктесіне айналғанын атап өтті.
Аталған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала және аудан әкімдері, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, жастар қатысты.