ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ІС ЖҮЗІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ТЕҢГЕРІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ІС ЖҮЗІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ТЕҢГЕРІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған «Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы мызғымастығының нышаны және кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский «Заңды және іс жүзіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының теңгерімін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

Форум аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбектер жинағының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы мен еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.