
Тәжікстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы А. Ашурзода Конституция Күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өз құттықтауын жолдады.
А. Ашурзода атап өткендей, Қазақстанның төрағалық етуі кезінде Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығының рөлі едәуір артқан, енді ол өңірде конституционализмді нығайту үшін маңызды ұйым болып табылады. Өйткені, нақ конституциялар елдеріміздің тәуелсіздік негіздерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, олардың төңірегінде мемлекеттеріміздің конституциялық құрылысының берік іргетасы қаланған.
Сіздерге жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғысымды және ризашылығымды білдіргім келеді, соның арқасында біздің мемлекеттеріміздің конституциялық бақылау органдары арасындағы қатынастар дамудың жаңа серпініне, сондай-ақ өзара сенім мен өзара құрметке негізделген достық сипатқа ие болды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге осы қиын кезеңде, ең алдымен, зор денсаулық пен амандық тілеймін.
Елдеріміздің конституциялық бақылау органдары арасында қалыптасқан достық қатынастар алдағы уақытта да дамып, нығаятынына сенімдімін.
Надеюсь, что сложившиеся тесные дружественные отношения между органами конституционного контроля наших стран и в дальнейшем будут развиваться и крепнуть.