
Түркия Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арслан мырза Конституция күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өз құттықтауларын жолдап, қазақстандықтарға денсаулық, бейбітшілік және амандық тіледі.
“Конституциялық соттар мен оған теңестірілген институттардың негізгі міндеті-Конституциямен белгіленген заңның үстемдігін сақтау және негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғау.
Бұл міндетті орындау үшін ақпарат пен тәжірибе алмасудың қаншалықты маңызды екендігі туралы айтудың қажеті жоқ.
Осы тұрғыда, АКСҚ сияқты халықаралық институттар Конституциялық сот төрелігін және адам құқықтары саласындағы заңнаманы нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алатындығы бәрімізге мәлім” - деп атап өтті Зухту Арслан мырза.
Сонымен қатар, Түркия Конституциялық Сотының Төрағасы Қазақстанның Конституциялық Кеңесіне коронавирус пандемиясынан туындаған ауыр жағдайларға қарамастан, 2020 жылы АКСҚ-ның 4-ші Конгресін табысты өткізгені үшін алғыс айтып, Халықаралық Симпозиумның ойдағыдай өткізілуін тіледі.