
Таиланд Корольдігі Конституциялық Сотының Төрағасы Воравит Кангсаситиам мырза Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өз құттықтауларын жолдады.
Ол Конституция - мемлекеттің ең Жоғарғы Заңы екенін атап өтті. Ол ішкі құқықтың негізгі көзі ретінде қызмет етеді. Осы себеп бойынша Конституция барлық заңдардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады.
Қазақстан Республикасын және Қазақстан азаматтарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси және құқықтық жүйенің негізі ретінде қарастырылады. Мен Қазақстан Республикасының Конституциясы сөзсіз ұлттық бірлік негізі, азаматтық ынтымақтастықты кеңейтеді және саясатта, экономика мен қоғамда жарқын болашақ үшін одан әрі қызмет етеді деп кәміл сенемін.