
Индонезия Конституциялық Сотының Төрағасы Анвар Усман мырза Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өз құттықтауларын жолдады. Өзінің құттықтау сөзінде ол Қазақстан Республикасы болашақта да үлкен табысқа қол жеткізетініне және бүкіл әлемде барлық салада бейбітшілікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Анвар Усман денсаулықтың соңғы уақытта әлемнің барлық елдерінде басымдыққа ие болу керек негізгі құқықтардың бірі деп атап өтті. Біз бүкіл әлемдегі медицина қызметкерлеріне Сovid-19 пациенттеріне күтім жасау кезінде шыдамдылық пен жауапкершілік үшін жоғары ризашылығымызды білдіруіміз керек. Сонымен қатар, біз Сovid-19-ға байланысты шығындардың алдын алу үшін Covid-19 вакциналарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көп күш жұмсап, одан әрі ынтымақтастығымызды арттыруымыз керек. Болашақта жақсы әлем құру үшін біз бір-бірімізге көмектесуіміз, адамзат үшін қол ұстасуымыз керек.
Осы ерекше жағдай бойынша мен 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде AКСҚ-ның 4-ші Конгресін сәтті өткізген Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесін құттықтағым келеді. Пандемияға байланысты Конгрестің әдеттегі форматта өткізіле алмағанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі АКСҚ төрағасы ретінде өз міндетін үйлесімді орындай алды және оны мінсіз ұйымдастырды. Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тағы да құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздердің барлық бастамаларыңызға зор табыс тілеймін.