ӘЗІРБАЙЖАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ӘЗІРБАЙЖАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Әзірбайжан Конституциялық Сотының Төрағасы Фархад Сахиб оглы Абдуллаев мырза Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өз құттықтауларын жолдады.

Ол өткен кезең қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің құрылуымен және елдің халықаралық аренадағы беделінің нығаюымен белгіленген маңызды кезеңге айналғанын атап өтті. Құрылған құқықтық жүйе демократиялық құндылықтардың дамуына және адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге негіз болды. Бұл үдеріске Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі де өзінің пәрменді үлесін қосуда.

Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды институт бола отырып, Қазақстанның Конституциялық Кеңесі түрлі елдердің конституциялық бақылау органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық үшін платформа ұйымдастыруда да маңызды рөл атқарады.

Азиялық Конституциялық соттар мен балама институттар қауымдастығына сәтті төрағалық етудің арқасында Дүниежүзілік пандемияның күрделі кезеңінде ұйымның төртінші Конгресі сәтті өткізілді, бұл қазіргі конституциялық әділет жүйесінде өзекті болып табылатын құқықтық мәселелердің барлық спектрі бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Конституциялық Кеңесіне, атап айтқанда, оның Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми мырзаға халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан тиімді үлесі үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді.

Барлық достарымызға және әріптестерімізге зор денсаулық, бейбітшілік және еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін табысты қызмет тілейміз.