СОТ ЖҮЙЕСІ, ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСС ТӨРЕЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

СОТ ЖҮЙЕСІ, ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСС ТӨРЕЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

2021 жылғы 12 тамызда Конституциялық Кеңес Аппараты Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М.Спан Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы жобасының шеңберінде сот жүйесі, әкімшілік рәсімдер және әкімшілік процесс төрелігі мәселелері бойынша онлайн сараптамалық талқылауға қатысты.

Іс-шараны құқықтық cаясатты зерттеу Орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараға Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ішкі істер, әділет министрліктері, үкіметтік емес сектор және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.