ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

2021 жылғы 5 тамызда Конституциялық Кеңес Аппараты Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М. Спан Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы жобасының шеңберінде қылмыстық сот төрелігі мәселелері бойынша онлайн сараптамалық талқылауға қатысты.

Іс-шараны Құқықтық саясатты зерттеу Орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараға Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ішкі істер, әділет министрліктері, үкіметтік емес сектор және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.