Б.НУРМУХАНОВ ВЕНЕЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ 17-ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУДА

Б.НУРМУХАНОВ ВЕНЕЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ 17-ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУДА

Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері Б.Нұрмұханов Лозанна қаласында өтетін Швейцария Федералдық Сотының шақыруы бойынша Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) конституциялық сот төрелігі жөніндегі бірлескен кеңесінің 17-отырысына қатысуда.
Оның жұмысына 40 елден астам конституциялық әділет органдары аппараттарының қызметкерлері (байланыс бойынша офицерлер), сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың, Еуропа Одағы Сотының, Африка конституциялық құзыреті конференциясы мен Араб конституциялық кеңестері мен соттарының делегациялары қатысады.
Жыл сайын өткізілетін отырыстың мақсаты конституциялық бақылау органдары мен Венеция комиссиясы арасындағы құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Сонымен бірге, іс-шараның бағдарламасына «Гендер, теңдік және кемсітушілік» атты конференция енгізілген, оның шеңберінде қатысушылар өз елдерінің тәжірибесімен бөліседі.