«ЗАҢ ДИАЛОГТАРЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР

«ЗАҢ ДИАЛОГТАРЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР

2021 жылғы 16 шілдеде «АХҚО сотының және халықаралық төрелік орталығының юрисдикциясы: заң қоғамдастығы үшін артықшылықтар мен мүмкіндіктер»т ақырыбында халықаралық вебинар өтті.

Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және Сорбонна-Қазақстан институтымен бірлесіп «Заң диалогтары» жобасы аясында ұйымдастырды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Халықаралық орталықтың құқықтық базасының қалыптастырылғанын және бүгінде сот пен Орталықтың басқа да құрылымдары маңызды міндеттерді шешіп жатқанын атап өтті. АХҚО-ның ерекше құқықтық режимі халықаралық қаржылық қызметтер орталығын қалыптастыруға және оның қызметінде ең үздік стандарттарды қолдануға бағытталған. АХҚО еуразиялық кеңістіктегі дауларды соттан тыс баламалы шешу бойынша да жетекші органға айналып келеді. Орталықтың Халықаралық төрелігі сот талқылауының баламасы бола отырып, келіспеушіліктерді тәуелсіз және жедел шешуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс-шараның модераторы И. Рогов болды.Форумға қатысушыларға Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы К. Мусин, Әділет вице-министрі А. Әмiрғалиев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Д. Біләлов құттықтау сөздерін сөйледі.

Халықаралық вебинар жұмысына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, Президенттің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының, сондай-ақ еліміздің заң қоғамдастығының және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.