
2021 жылғы 3 шілдеде «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы (ұлттық дәстүрлер мен шетелдік тәжірибе)» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Сорбонна-Қазақстан институты ұйымдастырды.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми құттықтау сөзінде: бүгінгі форум Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтіп жатыр. Егемен мемлекеттің құқықтық жүйесінің дәйекті құрылысындағы барлық ірі өзгерістер қолданыстағы Конституцияға сәйкес жүзеге асырылды. Ол Конституцияның бастамашысы Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев екені баршаға белгілі екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда Президент Қ.К. Тоқаев мемлекеттік аппараттың жұмысын құқықтық саясат пен құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағыттап отыр, деп қорытындылады Конституциялық Кеңестің Төрағасы.
Сонымен қатар, форумға қатысушыларға «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов пен Әділет министрі М. Бекетаев құттықтау сөз сөйледі.
Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі В. Малиновский «Жаңа конституциялық құқық – Қазақстанда заманауи мемлекет пен дамыған азаматтық қоғамның құрылуы мен эволюциясының негізі» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, таяу және алыс шет елдердің ғылыми заң қоғамдастығының өкілдері де қатысты.