ВЕНЕЦИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ 127-ШІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ВЕНЕЦИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ 127-ШІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылғы 2-3 шілдеде Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары-Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапақ Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) 127-ші онлайн жалпы сессиясының жұмысына қатысты.

Жалпы сессияда Венеция комиссиясы Армения мен Грузияның сайлау кодекстеріне, Украинаның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қылмыстық кодексіне, Солтүстік Македонияның Гендерлік теңдігі туралы заң жобасына және басқа да құқықтық актілерге түзетулердің жобалары бойынша қорытындылар қабылдады.