
2021 жылғы 1 шілдеде Конституциялық Кеңестің мүшелері Р.Мұқашев және У. Шапак онлайн режимде «Президенттік сайлаудың конституциялық-құқықтық негіздері: Өзбекстан мен шет елдердің тәжірибесі» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Іс-шараны Өзбекстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Мемлекет және құқық институты, Тұрақты даму орталығы, Сырдария облысының хокимияты, ЕҚЫҰ, БҰҰ ДБ және Швейцарияның Өзбекстандағы Елшілігі ұйымдастырды.
Іс-шара барысында президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің конституциялық қағидаттары мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды, сондай-ақ түрлі елдердің өкілдері осы мәселе бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға Өзбекстанның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, заң қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ шет елдердің сарапшылары қатысты.