
2021 жылғы 18 маусымда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті өткізген «Қазақстандағы Омбудсмен институты: проблемалары мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Бұл іс-шараға Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, азаматтық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.