
2021 жылғы 18 маусымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаевтың 80 жылдығына арналған "қазіргі жағдайдағы Қазақстанның ақпараттық заңнамасын дамытудың негізгі бағыттары" атты тақырыпта Халықаралық ғылыми конференция өтті. Форумды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды.
Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі А. Темірбеков Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәмидің құттықтау сөзін оқып берді. Онда Қайрат Әбдіразақұлы Арықбай Нүсіпәліұлының еліміздегі заң ғылымының дамуына және білікті заңгерлерді даярлау саласының қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Заң қауымдастығы Сізді өмірін заңның нюанстарын зерттеуге арнаған ғалым ретінде құрметтейді. Қылмыстық құқық пен криминологияның маңызды теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу бойынша Сіздің жұмыстарыңыз ерекше құнды, деп атап өтті Қ. Мәми.
Конституциялық Кеңестің төрағасы мерейтой иесін құттықтап, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, елдердің, таяу және алыс шетелдердің ғылыми заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.