Болгария Республикасының Конституциялық Соты 21 ғасырдағы Конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелеріне конституциялық зерттеулерге Халықаралық шолу жүргізді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың салыстырмалы зерттеулері мен талдамалық көзқарастарының осы форумы жаңашыл идеяларды ілгерілетуге бағытталған.
Кітапта Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәмидің "Қазіргі әлемдегі конституциялық бақылау: Қазақстанның тәжірибесі" атты мақаласы ұсынылған.
Онда құқық үстемдігін бекітуде маңызды рөл атқаратын конституциялық бақылаудың қазақстандық моделі туралы баяндалады. Автор Конституциялық Кеңестің тәжірибесі қоғамдық қатынастардың барлық салаларына оң әсер ететінін атап өтеді. Конституциялық бақылаудың өзі Қазақстанда қазіргі заманғы сын-қатерлерге барабар және әлемдік Конституциялық мұра жетістіктерінің шеңберінде дамып келеді.
Басылымға сондай-ақ конституциялық әділет органдары төрағаларының және бірқатар шет елдердің академиялық топтары өкілдерінің жұмыстары кірді.
Кітап конституционализмнің теориясына және практикасына қызығушылық танытатын көптеген тұлғалар үшін пайдасын тигізетін болады.
Кітаптың толық мәтінін электронды түрде келесі сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://ksrk.gov.kz/sites/default/files/books/2021-06/Constitutional%20…