ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨТІНІШІ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨТІНІШІ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Конституциялық Кеңес 2020 жылғы 27 қаңтарда Республика Парламенті Мәжілісі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабы 3-тармағы екінші абзацының нормасын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысына түсіндірме беру туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады. 
Өтініште Конституциялық Кеңес мүшелерін тағайындау тәртібін қосымша түсіндіру туралы мәселе қойылады.    
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш қаралатын болады.