
Конституциялық Кеңестің мүшесі Р.Ж. Мұқашев 2020 жылғы 19-21 ақпанда Кишинев қаласында өткен Молдова Республикасы Конституциялық Сотының 25-жылдығына арналған «Конституциялық Сот төрелігі және қоғамның реакциясы: Конституциялық сот шешімдері қоғамның көпшілігінің пікірімен келіспеген кезде» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.
Аталған іс-шараға конституциялық бақылау органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдар мен құқық қорғау институттарының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысының алғашқы күні форумға қатысушыларды Молдова Президенті Игорь Додон құттықтады. Пленарлық сессия аясында Р.Ж. Мұқашев құттықтау сөз сөйледі.
Конференция барысында Р.Мұқашев Молдова Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы В.М. Цурканмен кездесті, онда олар екі органның конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қорытындысында Р.Мұқашев В.Цуркан мырзаны Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәмидің атынан Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақырды.