
2020 жылғы 5 наурызда Конституциялық Кеңесте 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, бүгінгі күні әйелдер мемлекет, қоғам және отбасы өмірінде маңызды жасампаздық рөл атқарады. Олардың білімі, тәжірибесі мен шығармашылық ұстанымы мемлекеттік қызметте, бизнесте және азаматтық қоғамды дамытуда сұранысқа ие. Олардың көпшілігі конституциялық құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосуда.
Ұлы ақын Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында Кеңестің ерлер ұжымы адамзаттың әйелдер қауымына арналған оның шығармаларынан үзінділер оқып, Абайдың өлеңдерін орындау бойынша челленджді жалғастырды, сонымен қатар М. Әуезовтың «Абай жолы» кітабы сыйға тартылды.
Кездесу соңында Қ. Мәми оларға мықты денсаулық, бақыт және табыс тіледі.