А.Қ. ДАУЫЛБАЕВ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

А.Қ. ДАУЫЛБАЕВ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2020 жылғы 11 наурызда Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаулысымен Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалды.
Дауылбаев А. Қ. 1962 жылы 22 қарашада Ақтөбе қаласында туған.
Орта мектепті бітірген соң «Динамо» өндірістік бірлестігінде жұмысшы болды.
1981 – 1983 жылдары СССР Қарулы Күштері қатарында әскери қызметте болды.
Әскери қызметінің мерзімі аяқталған соң, Свердловск Заң институтының Сот-прокурорлық факультетіне оқуға түседі.
1987 жылы оны үздік аяқтап, бөлу бойынша Қазақстанның прокуратура органына жолдама алады.
Алматы қаласы Октябрь аудандық прокуратурасында стажер, тергеуші, прокурордың көмекшісі және аға көмекшісі болып жұмыс жасайды.
1990 жылдан бастап Алматының кейбір аудандары прокурорларының орынбасары, сондай-ақ аудан прокурорларының міндеттерін атқарады.
1992 жылы жалпы қадағалау бөлімінің бастығы және Алматы қалалық прокуратурасы алқасының мүшесі болып тағайындалады.
1994 жылы – Алматы Төрелік соты төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының бастығы.
1997 жылы – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, Әділет біліктілік алқасының төрағасы.
1999 жылы  - «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті – бас әкімшілік директоры. Сол жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды, ТМД парламентаралық ассамблеясында құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияны және «Әділет» сот-құқықтық реформасы мәселелері бойынша депутаттық топқа басшылық жасады.
2001 жылғы қаңтардан бастап 2011 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2011 жылғы сәуірден бастап 2016 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі №  34-VI ПМС  қаулысымен ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Бірінші сыныпты мемлекеттік заң кеңесшісі. Прокуратураның құрметті қызметкері. PhD, құрметті профессоры ҚазГЗУ.
1-дәрежелі Даңқ ордені (2009 ж.), 2-дәрежелі Даңқ ордені (2004 ж.), Отыз Қазақстан Республикасының медаль және шетелдер марапатталды. Классикалық күрестен СССР спорт шебері.
Үйленген, үш ұлы бар.