2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстандағы президенттік институтты бекітудің 30 жылдығына арналған "Президенттік басқару нысаны: конституциялық негізі мен саяси практика" атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтеді.
Іс-шараны Конституциялық Кеңес пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырады.
Бағдарламаға сәйкес Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми және Кеңес мүшесі В. Малиновский сөз сөйлейді.
Конференция жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдардың, беделді халықаралық ұйымдардың, шет елдердің бірқатар конституциялық соттарының өкілдері, сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарлануда.
Форум youtube арнасы арқылы келесі сілтемелер бойынша көрсетілетін болады: қазақ тілінде https://www.youtube.com/watch?v=6cxa--E1SyE, орыс тілінде https://www.youtube.com/watch?v=agSRd-z45hM, ағылшын тілінде https://www.youtube.com/watch?v=R-S9CMMRiLk
Онлайн-конференция Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-де басталады.