Конституциялық Кеңес Республика Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы Парламент Сенаты Төрағасының өтінішін толық зерттеу, жан-жақты және объективті қарау үшін сарапшылар ретінде елге белгілі құқықтанушы ғалымдарды тартты. Олардың қатарында заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Әбдірәсілов, Э. Дүйсенов және заң ғылымдарының кандидаттары М. Ғабдуалиев және Ж. Тілембаева бар.
Конституциялық іс жүргізуде ғылыми жетістіктерді пайдалану Конституциялық Кеңес жұмысының орнықты әдістерінің бірі болып табылады.