КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ РЕГЛАМЕНТІНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ РЕГЛАМЕНТІНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Конституциялық Кеңес өз Регламентіне түзетулер енгізді. 
Регламент конституциялық іс жүргізуді электрондық форматта жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін ережелермен толықтырылды.  
Конституциялық Кеңестің бастамасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, олардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, мамандар, аудармашылар және өзге де адамдар техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы Кеңес отырысына қатыса алады.