ЖАС ЗАҢГЕР-ҒАЛЫМДАРДЫҢ XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП-ПРАКТИКУМЫ

ЖАС ЗАҢГЕР-ҒАЛЫМДАРДЫҢ XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП-ПРАКТИКУМЫ

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты Халықаралық заңгерлер одағымен бірлесіп, 2020 жылғы 27 мамыр мен 5 маусым аралығындағы кезеңде онлайн-форматта «Конституция және заңнаманы жаңғырту» тақырыбында жас заңгер-ғалымдардың XV Халықаралық мектеп-практикумын өткізеді.
Мектеп-практикумы Қазақстан, Ресей және басқа да таяу және алыс шетел мемлекеттерінің көрнекті ғалымдары мен жас зерттеушілерінің шығармашылық ғылыми ізденісте, жаңа бағыттарды тұжырымдамалық әзірлеуде және құқықтық реттеу көкжиегін кеңейтуде күш-жігерін біріктіреді. 
Конституциялық Кеңес Аппаратының қызметкерлері Форум шеңберінде өткізілетін дөңгелек үстелдерге қатысады, атап айтқанда:
«Ресейдегі конституциялық өзгерістер және отандық заңнаманы жаңғырту сценарийлері» - Бадалиев М.К.;
«Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының азаматтық заңнама мен процесті жаңғыртудағы рөлі» - Артемьева Е.А.;
«Конституция сыбайлас жемқорлықпен, көлеңкелі экономикамен және қылмыстық бизнеспен күрестің негізі ретінде» - Сүлейменова М.С.;
«Негізгі құқықтарды цифрлы орта жағдайында сақтауды соттың бақылауы» - Бекенова Ә.Г.;
«COVID-19 және әлемдегі құқықтық жүйелердің эволюциясын болжау (халықаралық ұйымдардың зерттеу жобалары)» - Кресс Н.В.;
«Геномдық зерттеулерге қатысушылардың ақпараттық қауіпсіздігінің конституциялық кепілдіктері: заңнаманы жаңғыртудың жай-күйі мен перспективалары» - Аханова С.М.;
«Жаңа конституциялық басымдықтар және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер контекстінде геномдық зерттеулер туралы заңнаманы дамыту» - Тасболатов Н.Ж.