
Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов «Ресей Федерациясындағы конституциялық өзгерістер контексінде мемлекеттік басқаруды жаңғырту» атты тақырыптағы онлайн-дөңгелек үстелде баяндама жасады.
Іс-шара «Конституция және заңнаманы жаңғырту» тақырыбындағы жас заңгер-ғалымдардың XV Халықаралық мектеп-практикумы шеңберінде өтті.
Іс-шараны Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты мен Халықаралық заңгерлер одағы ұйымдастырды.
Б. Нұрмұханов өз сөзінде әріптестерін Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы конституциялық реформалардың рөлі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы жылында өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етті.