Конституциялық Кеңес «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының 30-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес субъектінің өзі мәлімдеген ұсынысынан бас тартуына байланысты Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын, 718-бабының 5-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысымен бекітілген Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларының 7-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтатты.