Қ. Мәми Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі Н.Ә. Назарбаевқа жылы лебізін білдірген хат жолдады. Онда былай делінген: «Сіздің коронавирус инфекциясының салдарынан өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкеніңіз туралы хабарды мен және Конституциялық Кеңес құрамы да алаңдаушылықпен қабылдады.
Сіздің бүкіл өміріңіз бен еңбек жолыңыз конституциялық құндылықтарды бекіту ісіндегі қиындықтар мен жаңа сын-қатерлерді еңсерумен байланысты. Күш-жігерге толы мінезіңіздің, оптимистік ұстанымыңыздың және мықты рухыңыздың арқасында Сіз әрқашан оқиғалар барысын бағындырып, қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы берік бағытыңызды қамтамасыз ете алдыңыз. Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі ретінде Сіз Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке жаңа серпін беріп отырсыз».
Конституциялық Кеңес ұжымы Елбасына тез сауығып кетуді және Отанға деген жасампаз қызметін одан әрі жалғастыруды тіледі.